ШАХМАТНЫЙ ТУРНИР ВО ДВОРЦЕ

САРАЙДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ

Оқушылар шығармашылық сарайында күзгі демалыс кезінде ағымдағы жылдың 31 қазаны мен 6 қарашасы аралығында шахматтан үлкен турнир өтіп, оған Өскемен қаласының екі жетекші шахмат секциясының оқушылары қатысты.

«STAUNTON» БШО шахмат клубының жетекшісі Вадим Валерьевич Монетов пен ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы – Ермек Меңкенұлы Тютеновтің жетекшілігімен оқушылар шахматтан өзара бақ сынасты.

Шахмат турнирінің нәтижелері:

Қыздар арасында бірінші орынды, абсолютті біріншілікте үшінші орынды Карина Осипова иеленді.

Барлық жастағы абсолютті біріншілікте Мансур Қайролдаев тоғыз ұпайдан сегіз ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды.

Абсолюттік біріншілікте екінші орынды Ерасыл Қайнаров иеленді.

Турнир аясында 15 адам қажетті ұпай санын жинап, төртінші разрядқа ие болды.

Турнирдің барлық қатысушыларына алдағы уақытта жарқын жеңістер мен шахмат өнеріндегі шеберліктерін дәлелдей отырып, жаңа дәрежелерге ие болуларын тілейміз!


Во Дворце творчества во время осенних каникул, с 31 октября по 6 ноября текущего года, прошёл большой шахматный турнир, в котором приняли участие ребята из двух ведущих секций по шахматам г.Усть-Каменогорска.

Ребята, под руководством Вадима Валерьевича Монетова, руководителем ДТО Шахматный клуб «STAUNTON»и тренера детско-юношеской спортивной школы по национальным видам спорта — Ермека Менкеновича Тютенова, соревновались между собой в шахматном искусстве.

Результаты шахматного турнира:

Первое место среди девочек и третье место в абсолютном первенстве заняла Карина Осипова.

В абсолютном первенстве среди всех возрастов победил Мансур Кайролдаев — первое место, восемь очков из девяти.

Второе место в абсолютном первенстве занял Ерасыл Кайнаров.

В рамках турнира 15 человек получили четвёртый разряд, набрав необходимое количество очков.

Желаем всем участникам турнира ярких побед в будущем и получения новых разрядов, подтверждающих мастерство в шахматном искусстве!

НИНА ЕЛЬЦОВА