ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Оқушылар шығармашылық сарайы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қала мектептері оқушыларының Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, мемлекет заңдары және жастардың құқықтық мәдениеті туралы ақпараттық танымын кеңейту мақсатында жоғары сынып оқушыларына арналған «Әділет» құқықтық білім мектебін ашу жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Аталған мектеп аясында жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған диалог алаңдары ұйымдастырылады. Оған тәжірибелі заңгерлер, ішкі істер органдарының, ішкі істер департаментінің, полиция департаментінің өкілдері қатысады. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты дамыту мақсатында тренингтер, әңгімелесулер, пікірсайыстар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Күтілетін нәтижелер:

Мектеп қатысушылары құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізіп, заңдарды сақтаудың маңыздылығын терең түсінеді. Олар адамның құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын ұғынып, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі құқықтық нормалардың рөлін сезінеді.

Қатысушылар құқықтық бағыттағы мектеп іс-шараларында өз тәжірибелерін таратып, жастар мен мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына белсенді түрде атсалысады. Оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейі жоғарылап, заңдар мен құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған тұрақты дағдылар мен мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етеді.

Жалпы, мектеп жұмысына 2560 жоғары сынып оқушысын тарту жоспарлануда.


Дворец творчества школьников сообщает, что с 1 сентября 2026 года, с целью расширения информационного поля учащихся школ города, касательно функционирования юридической надстройки РК, Законов государства и правовой культуры молодежи,  открывает «Школу правовых знаний» для старшеклассников —  «Әділет».

В рамках данной школы будут работать диалоговые площадки, направленные на повышение правовой культуры старшеклассников, с участием действующих и практикующих юристов, представителей органов Внутренних дел, ДВД, Департамента полиции, а также  тренинги, беседы, дебаты, круглые столы по правовой грамотности.

Ожидаемые результаты:

Участники школы  достигнут высокого уровня правовой культуры и осознания важности соблюдения законов. Они будут понимать взаимосвязь между правами и обязанностями человека, осознавать значение правовых норм для обеспечения стабильности и справедливости в обществе. Транслировать свой опыт в школьных мероприятиях правовой направленности, содействовать проведению работы по профилактике правонарушений в молодежной среде, среди школьников. Уровень правовой осведомленности учащихся станет высоким, что будет способствовать формированию устойчивых привычек и поведения, направленных на соблюдение законов и правовых норм.

Всего в работе Школы планируется задействовать 2560 старшеклассников.