Күзгі демалыстың алғашқы күндерінен бастап Оқушылар шығармашылық сарайы балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға және оларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлауға әрқашан дайын!
Мерекенің әр күні мәдени-демалыс бағдарламаларына толы болады:
— бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған «Чемпион» спорттық ойын-сауық бағдарламасы.
Бұл бағдарламаға қатысу арқылы балалар өздерінің күшін, жылдамдығын, ептілігін көрсете алады.
— «Дәлелдер» детективтік квесті орта мектеп оқушыларының детектив рөлін ойнау арқылы логикасының күшін сынауға мүмкіндік береді.
— орта мектеп жасындағы жасөспірімдерге арналған «Игі істер теориясы» жағдаяттық ойыны.
Мұнда қатысушылар ерекше жағдайларда әртүрлі кейіпкерлердің рөлдерін сомдап көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.
Күзгі каникул кезіндегі ойын-сауық шараларымен қатар, Оқушылар шығармашылық сарайында мектеп парламенттері қалалық комитетінің отырысы өтеді.
Бұл отырыста «Мықты көшбасшы – күшті мектеп парламенті» 3 күндік көшбасшылар мектебін өткізу мәселелері талқыланады.
3 күн ішінде жоғары сынып оқушылары көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, мектеп парламентінің барлық артықшылықтарын меңгереді.
Қаладағы мектеп оқушылары үшін дәстүрлі «Art-center» де ашылады.
Онда тіркелу арқылы вокал, хореография, сурет, шахмат немесе басқа да бағыттар бойынша модуль сабақтарына қатыса аласыз.
Үйірме мүшелерінің ата-аналары да назардан тыс қалмайды.
Мерекенің соңғы күні «Біз біргеміз» оқушылар шығармашылық сарайының отбасылық клубы аясында алғашқы кездесу өтеді.
Күзгі демалыстарыңызды Оқушылар шығармашылық сарайында қызықты әрі пайдалы өткізіңіздер!
С первых дней осенних каникул Дворец творчества школьников готов гостеприимно распахнуть свои двери, чтобы украсить досуг ребят, подарить им массу положительных эмоций!
Каждый день каникул будет наполнен культурно-досуговыми программами:
— спортивно-развлекательная программа «Чемпион», разработанная для ребят младшего школьного возраста.
Приняв участие в этой программе, ребята смогут продемонстрировать свою силу, скорость и ловкость:
— детективный квест «Улика», позволит школьникам среднего звена проверить на прочность свою логику, побывав в роли детективов.
— ситуативная игра «Теория добрых дел», рассчитана на подростков старших классов.
Здесь участники получат уникальную возможность примерить на себя роли различных персонажей в нестандартных ситуациях.
Кроме развлекательных мероприятий на осенних каникулах во Дворце творчества школьников состоится заседание Городского комитета школьных Парламентов.
На данном заседании будут обсуждаться вопросы проведения 3-х дневной школы лидеров «Сильный лидер — сильный школьный парламент».
Старшеклассники, в течение 3-х дней будут прокачивать свои навыки лидерства, и познавать все преимущества школьного парламента.
Так же для школьников города будет работать традиционный «Art-center ДТШ», записавшись туда, можно будет посетить модуль занятий по вокалу, хореографии, рисованию, шахматам или другим направлениям.
Не будут обделены вниманием и родители кружковцев.
В последний день каникул состоится первая встреча в рамках Семейного клуба Дворца «Мы вместе».
Проведите осенние каникулы весело и с пользой во Дворце творчества школьников!