“THE PLANET OF ART 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕСС-РЕЛИЗІ

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы “The Planet of ART 2023”
Халықаралық Фестивалінің музыкалық цикліне өтінімдерді қабылдаудың
басталғандығын хабарлайды.
Анықтама үшін:

1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық
қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының
Федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылды және Қазақстан Республикасының өскелең
ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету
бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 182 ЮНЕСКО клубтары жұмыс істейді,
олардың мүшелерінің жалпы саны 17000 адамнан асады, олар 17 облыстың 50-ден астам
қаласы мен 23 ауылында орналасқан.

Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыттары:
шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске
асырады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық Диалог жылын бейбітшілік кепілі
ретінде ілгерілетуге арналған “THE PLANET OF ART 2023” Халықаралық
фестивалінің келесі музыкалық циклі 2023 жылдың 6 ақпанында ресми түрде бастау
алады.

Аталмыш жобаның басты мақсаты дарынды жас орындаушыларды анықтауға және
қолдауға, олардың шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыруға және «әлем мәдениеті»
тұжырымдамасы негізінде фестивальге қатысушылар арасындағы достық байланысты
нығайту арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған.

Биылғы фестивальдің айрықша ерекшелігі – ұйымдастырушылардың заманауи
өнерді насихаттау арқылы жастармен өз тілінде сөйлесуге деген ұмтылысы.

Сонымен
қатар, Фестиваль қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармаларын
концерттің музыкалық бағдарламасына заманауи интерпретацияда енгізу арқылы олардың
шығармашылығын насихаттауға айтарлықтай үлес қосады.

Жобаға қатысуға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия
және Өзбекстаннан 12 мен 18 жас аралығындағы өздерінің вокалдық, аспаптық және
хореографиялық дағдыларын дамытуға ұмтылатын барлық дарынды өкілдер шақырылады.

“The Planet of ART 2023” қатысушылары өз елін таныстыра отырып, халықаралық
іс-шара алаңында бейбітшілік мәдениетінің жас елшілері ретінде өнер көрсете алады.

Көптеген серіктестердің күш-жігерінің арқасында байқауға және Фестивальдің
ақтық бағдарламасына қатысу мүлдем тегін.

Байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша финалистер білім беру және мәдени
бағдарламадан өту үшін Қазақстанға шақырылады. Балалар тренингтер мен мастеркласстар сериясына қатысуға, ұлттық мәдениетпен танысуға, Қазақстан Республикасының
өнер қайраткерлері мен жетекші педагогтарынан ынтымақтастықтың құнды тәжірибесін алуға, ең бастысы, әлемнің түрлі елдерінен жаңа достар табуға бірегей мүмкіндік алады.

“THE PLANET OF ART 2023” фестивалі музыкалық циклінің кульминациясы ретінде
Астана және Павлодар қалаларындағы жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі мен
екі ауқымды гала-концерт болады.

Концерттер әлемдік музыкалық мәдениет пен отандық
композиторлар шығармашылығын бір театрландырылған бағдарламасы арқылы оның
тұжырымдамасы мен драматургиясын фестивальдің “Жүректеріміз үндессін” тақырыбын
ашуға бағытталатын болады.

Жоба бағыттары:

1. Вокал;
2. Аспаптық жанр;
3. Хореография.

Өтінімдер 2023 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады, ал іріктеу кезеңдері
Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында
өтетін болады.

Қатысу ережесі мен тіркелу келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://unescoclubs.kz/kk/planet_of_art_2023_kz/

Промо-ролик сілтемесі:
https://drive.google.com/drive/folders/1zQkpZGxnw3yW_Uhce4YiFEuHqOXakC4?usp=share_link

Қосымша ақпарат алу үшін:
+7 700 394 32 32, +7 700 487 76 63 (WhatsApp), art.kazfuca@gmail.com

Сайт: https://unescoclubs.kz/
https://www.instagram.com/unescoclubskz/


ПРЕСС-РЕЛИЗ МЕЖДУНАРОДНОГО ФЕСТИВАЛЯ  “THE PLANET OF ART 2023”

Казахстанская Национальная Федерация клубов ЮНЕСКО открыла прием заявок для
участия в музыкальном цикле Международного Фестиваля “The Planet of ART 2023”.

Казахстанская Национальная Федерация клубов ЮНЕСКО, будучи частью
Всемирного движения, зародившегося в 1947 году в Японии, была основана в апреле 2009
года и осуществляет масштабную работу по продвижению идеалов и ценностей ЮНЕСКО
через поддержку и развитие подрастающего поколения Республики Казахстан.

Сегодня в Казахстане действуют 182 клуба ЮНЕСКО с общей численностью более
17 000 активных членов, представленных в более чем 50 городах, 23 селах 17 областей
страны.

Организация реализует крупные молодежные программы на стыке трех основных
направлений деятельности ЮНЕСКО: творческое образование, культурное наследие и
устойчивое развитие.

6 февраля 2023 года официально дан старт запуска следующего музыкального
цикла Международного Фестиваля “The Planet of ART 2023”, посвященного
продвижению объявленного Организацией Объединенных Наций Международного года
диалога как гарантии мира.

Основной целью данного проекта является реализация творческого потенциала
детей и молодежи посредством популяризации многообразия форм культурного
самовыражения и укрепления дружественных связей через построение мира и согласия на
основе концепции «культура мира».

Отличительной особенностью Фестиваля этого года является стремление
организаторов говорить с молодежью на их языке путем продвижения современного
искусства.

Кроме того, Фестиваль вносит значительный вклад в популяризацию
творчества казахстанских композиторов и хореографов путем внедрения их произведений
в современной интерпретации в музыкальную программу концерта.

К участию в проекте приглашаются все талантливые представители из
Азербайджана, Казахстана, Кыргызстана, России, Турции, Узбекистана и Таджикистана в
возрасте от 12 до 18 лет, стремящиеся к развитию своих вокальных, инструментальных и
хореографических навыков.

Участники “The Planet of ART 2023” смогут представить свою страну и выступить
юными амбассадорами культуры мира на международной площадке мероприятия.

Благодаря усилиям широкого круга партнеров – участие в конкурсе и самой
финальной программе Фестиваля является абсолютно бесплатным.

По итогам конкурсного отбора финалисты будут приглашены в Казахстан для
прохождения образовательной и культурной программы.

Дети получат уникальную
возможность поучаствовать в серии тренингов и мастер-классов, познакомиться с
национальной культурой, получить ценный опыт сотрудничества с ведущими педагогами
и деятелями искусства Республики Казахстан и, самое главное, обрести новых друзей из
разных стран мира.

Два масштабных гала-концерта с торжественной церемонией
награждения победителей в городах Астана и Павлодар станут кульминацией музыкального цикла Фестиваля “The Planet of ART 2023”.

Концерты являются
сосредоточением мировой музыкальной культуры и творчества отечественных
композиторов в одной театрализованной программе, где ее концепция и драматургия будут
устремлены к теме фестиваля этого года «Сверим сердца».

Направления проекта:

1. Вокал;
2. Инструментальный жанр;
3. Хореография.

Заявки принимаются до 15 марта 2023 года, а отборочные туры внутри Казахстана пройдут
во всех 17 областях страны, а также в городах Астана, Алматы и Шымкент.

Положения и анкета для регистрации на участие доступна по ссылке:
https://unescoclubs.kz/the_planet_of_art_2023_rus/

Ссылка на промо-ролик прилагается ниже:
https://drive.google.com/drive/folders/1zQkpZGxnw3yW_Uhce4YiFEuHqOXakC4?usp=share_link

Для более подробной информации обращаться:

+7 700 394 32 32, +7 700 487 76 63 (доступен WhatsApp), art.kazfuca@gmail.com

Сайт: https://unescoclubs.kz/
https://www.instagram.com/unescoclubskz/