ФЕСТИВАЛЬ ТВОРЧЕСТВА «Бұлбұл үнді Роза»

Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Бұлбұл үнді Роза» атты шығармашылық фестивалі.

2022 жылдың 18 қаңтарынан 8 ақпан аралығында Оқушылар шығармашылық сарайында «Этнопедагогика» жобасы аясында Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында «Бұлбұл үнді Роза» шығармашылық онлайн фестивалі өтті.

Шығармашылық фестиваліне қаланың 25 мектептерінен 48 мұғалім мен 140 оқушылар белсене қатысты.

Қатысушылар ән айтты, би биледі, сурет салды, ұлы әншіге арналған өлеңдерін оқыды.

Әр қатысушы өз номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Шығармашылық фестивалі қазақ халқының бұлбұлы Роза Бағлановаға бүгінгі ұрпақтың қаншалықты риза екенін көрсетті!


С 18 января по 8 февраля 2022 года во Дворце творчества школьников в рамках проекта «Этнопедагогика» проходил дистанционный фестиваль творчества «Бұлбұл үнді Роза», посвященный 100-летию Народной артистки Казахстана Розы Баглановой.

В фестивале приняло участие 140 учащихся и 48 учителей из 25 школ города.

Участники пели, танцевали, рисовали, читали стихи посвящённые великой певице.

Каждый участник был отмечен дипломом в своей номинации.

Фестиваль творчества показал, насколько современное поколение благодарно Розе Баглановой, соловью казахского народа!