РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ мектеп комитеттерін ары қарай жандандыру және қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан халықтары бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында, 2017 жылдың 29 сәуірінде РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қатарына Өскемен қаласы оқушыларын салтанатты қабылдау өтті.
Жасұландықтар алдында құттықтау сөзін «Оқу-ағарту үздігі», еңбек ардагері, білім беру қызметкерлері кеңесі мүшесі Е.И.Ткаченко, «Нұр Отан» партиясындағы «Жас Отан» Жастар қанаты ШҚО филиалы төрағасының орынбасары К.Басбақбаев сөйледі. Қонақтар әр баланың басты міндеті – мемлекетіміздің беделді азаматы және патриоты болу, өз жетістіктерімен елімізді дамытуға үлес қосу екенін айтып өтті.
Рәсім барысында «Жас Ұлан» ережесін ұстануға салтанатты түрде ант берілді. Сонымен бірге РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитеті өкілдері арасынан үгіт бригадасы сахнада өнер көрсетті.
Салтанатты қабылдауға кіші және орта буын оқушылары, РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ мектеп комитеттерінің ұланбасылары, кураторлары қатысты. Жалпы қамтылғаны 125 адам.
С целью поддержки и дальнейшей активизации работы школьных комитетов Республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Ұлан», в преддверии празднования Дня Единства народа Казахстана, 29 апреля 2017 года состоялось торжественное принятие школьников города Усть-Каменогорска в ряды «Жас Ұлан».
С напутственными словами перед жасұлановцами выступили Е.И.Ткаченко — член Совета работников образования, ветеран труда, «Отличник просвещения», К.Басбакбаев — заместитель председателя Восточно-Казахстанского областного филиала Молодежного Крыла «Жас Отан» при партии «Нұр Отан». Гости мероприятия отметили, что главная задача каждого из ребят — быть достойными гражданами нашего государства, быть патриотами, и своими успехами вносить лепту в развитие нашей страны.
В ходе церемонии учащиеся дали торжественную клятву соблюдать правила «Жас Ұлан». Также, на сцене выступила агитационная бригада из числа представителей творческой группы городского комитета РОО ЕДЮО «Жас Ұлан».
В торжественном посвящении приняли участие кураторы, ұланбасы школьных комитетов РОО ЕДЮО «Жас Ұлан», учащиеся младшего и среднего звена. Общий охват составил 125 человек.
Регина СЕМБАЕВА
методист КГКП «Дворец творчества школьников
акимата г. Усть-Каменогорска