Қазақ КВН лигасы финалы үздік ойыншыларды анықтады.

8 мамырда Өскемен КВН Қазақ лигасы қалалық чемпионатының финалдық ойыны өтті. 

КВН командаларының тынымсыз дайындық жұмыстарына жағдай жасаған № 1, 45 орта мектептердің, № 44 лицей, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен политехникалық колледжі әкімшілігі қолдауымен 5 команда 1-ші орынды иелену үшін бақ сынасты. КВН ойыншыларының өнерлерін Өскемен КВН ойынында дәстүрлі түрде таныстырылған қазылар құрамы бағалады: КВН-нен Мұратов Дидар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінен Жүрекбаева Ақеркем, мемлекеттік құрылымнан Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі қызметкері Сайболатоа Ақнұр.

Тәжірибелі «МЕКТЕП UNITED» (Назарбаев зияткерлік мектебі құрамасы) ойыншыларын артта қалдырып,  политехникалық колледждің «5 ЖҰЛДЫЗ» КВН командасының жігіттері, жартылай финал ойынының жеңімпаздары бірінші сайыстан кейін көшбасшылыққа шықты. Үшінші орынды №1 мектептің «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» КВН командасы және №45 мектептің «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» КВН командасымен бөлісті, №44 лицейдің «БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ» КВН командасы сергіту сәтінде бәрінен әлсіз болды. Көрермендердің сүйікті ойыны «Биатлон» балл қосындысына өз үлесін қосып, екі сайыстан кейін жүлделі орынды үш команда бөлісті: МЕКТЕП UNITED, 5 ЖҰЛДЫЗ, ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ.

«Фристайл» сайысында ойын қортындысы өзгерді, №1,45 мектептердің өнерлері  сезімге толы, жарқын болып, максималды бағаланды, ал Өскемен политехникалық колледжі командасы өнері бәрінен әлсіз болды. Финалдың үшінші сайысында балл бойынша бірінші орынды «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» және «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» командалары бөлісті. «МЕКТЕП UNITED» екінші орын, «БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ» үшінші, ал «5 ЖҰЛДЫЗ» төртінші орынды иеленді.

Командалар арасындағы бақталастық соңғы секундқа дейін жалғасты, шиеленіс өршіп, ойын қыза түсті. Соңғы сайыс алдында Назарбаев зияткерлік мектебі командасы ең жас финалистерімізден 0,2 баллмен алға шықты, ал 3-ші және 4-ші орындар (Өскемен политехникалық колледжі және №1 мектеп) арасындағы айырмашылық 0,07 балл болды. 

«ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» командасының алтыншы сынып оқушылары төзімділік пен шыдамдылық танытты, осы мінездері арқасында жас КВН ойыншылары табысты нәтижеге қол жеткізді. Міне, КВН маусымы лайықты жеңімпазын анықтайтын, рухани күш, күйзеліс жағдайына төтеп бере алатынын көрсететін, нағыз финалдық күрес болды. 

Қортынды сайыста «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» КВН командасы финал ойынын лайықты деңгейде орындап, өздерінен тәжірибесі мол «МЕКТЕП UNITED» КВН командасын бір балға кейін қалдырып, жеңіске жетті. Көптен бері қалалық КВН ойынында осындай КВН ойыны барысында драмалы дамыған оқиға болған емес, дегенмен бұл 2016-17 оқу жылында Қазақ КВН лигасы Чемпионатын анықтайтын финал ойыны.

КВН командаларының барлық сайыстардан кейінгі балл нәтижесінде келесі орындар белгіленді:  

1 орын — ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ, № 45 орта мектебі — 16.8 балл;

2 орын — МЕКТЕП UNITED, еркін құрама НИШ — 16.0 балл;

3 орын — 5 ЖҰЛДЫЗ, УКПК – 15,6 балл;

4 орын — ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК, Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі– 15,2 балл;

5 орын — БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ, № 44 лицей – 14,73 балл.

Үзілістен кейін Қазақ КВН лигасы Оқушылар шығармашылық сарайына оралып, Өскеменге жаңа Чемпион сыйлады. Бұл жоғары атақты Мұратқанов Әбдікерімнің жетекшілігімен  №45 мектеп «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» КВН командасы иеленді.

 Орындардан бөлек қазылар үздіктерден үздіктерді таңдап, номинанттарды таңдады. Өнер қортындысы бойынша «КВН үздік әзілі» номинациясы «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» КВН командасына берілді, «Үздік КВН ойыншысы» номинациясын №1 мектептің «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» КВН командасының  ойыншылары Сейполданов Мәди мен Ерғазы Бекжан алды, жетекшілері Ербол Абзалұлы Берғазиев.

Қаланың КВН өміріндегі тағы бір кезең аяқталды, бірақ КВН ойыншылары бұнымен тоқтамайды.  Балалар жаңа маусымға қатысты сұрақтарын қойып, КВН өткізу бойынша өз ұсыныстарын айтты, ал бұл – бізді қалалық КВН дарындарының жаңа шығармашылық табыстары мен жарқын ашылулары күтіп тұрғанын білдіреді.


Финал Казахской лиги КВН определил лучших игроков.

8 мая состоялась финальная игра городского Чемпионата Казахской лиги УККВН. Благодаря поддержке администрации школ № 1, 45, лицея № 44, НИШ, Усть-Каменогорского политехнического колледжа, создавших условия для кропотливой подготовительной работы с КВНщиками, 5 команд вступили в напряженную борьбу за победное 1 место в Чемпионате. Оценивали КВНовские выступления жюри, традиционно представленное в Клубе УККВН разнопланово: от КВН – Муратов Дидар, от общественного объединения «Молодёжное крыло «Жас Отан» при партии «Нұр Отан» — Журекбаева Ақеркем, от государственных структур сотрудник отдела внутренней политики города Усть-Каменогорска Сайбулатова Ақнур.

После первого конкурса в лидеры вышли победители полуфинала, парни из команды КВН «5 ЖҰЛДЫЗ» политехнического колледжа, обойдя опытных игроков «МЕКТЕП UNITED» (сборная НИШ). Третье место поделили команды КВН «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» школы № 1 и «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» школы № 45, слабее всех в разминке оказалась команда КВН «БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ» лицея № 44. Следующий, любимый зрителями, конкурс «Биатлон» внес небольшие акценты в суммарные баллы, после двух конкурсов призовые места делят три команды: МЕКТЕП UNITED, 5 ЖҰЛДЫЗ, ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ.

Во «Фристайле» поменялся расклад игры – ребята из из 1-ой и 45-ой школ показали свои программы настолько эмоционально ярко и зрелищно, что получили от жюри все максимальные оценки, а вот команда УКПК выступила слабее всех. В третьем конкурсе финала КВН 1 место по баллам поделили «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» и «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ». «МЕКТЕП UNITED» на второй позиции, «БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ» третьи, а «5 ЖҰЛДЫЗ» только четвертые.

Состязания между командами шли до последней секунды игры, напряжение нарастало, страсти накалялись. Перед завершающим конкурсом команда НИШ опережала самых юных финалистов на 0,2 балла, а разница между 3 и 4 местом (УКПК и 1школа) составила всего 0,07 балла. Шестиклашки из команды КВН «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» проявили характер и выдержку, упорство и стойкость молодых игроков КВН увенчались успешными результатами. Вот она – настоящая финальная борьба, показавшая умение справляться со стрессовыми ситуациями, силу духа, достойную победителей сезона КВН.

В завершающем конкурсе команда КВН «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» достойно показала свою финальную песню и опередила на целый балл более опытных старших КВНщиков из «МЕКТЕП UNITED». Давно в городском КВН не было настолько драматично развивающихся событий в ходе КВНовской игры, тем более что это был финал, определяющий Чемпиона Казахской лиги КВН сезона 2016-17 учебного года.

После всех конкурсов итоговые баллы команд КВН дали следующее распределение мест:

1 место — ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ, № 45 орта мектебі — 16.8 баллов;

2 место — МЕКТЕП UNITED, еркін құрама НИШ — 16.0 баллов;

3 место — 5 ЖҰЛДЫЗ, УКПК – 15,6 баллов;

4 место — ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК, Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі– 15,2 балла;

5 место — БӨКЕЙ ҰРПАҚТАРЫ, № 44 лицей – 14,73 балла.

После перерыва Казахская лига КВН снова вернулась в стены Дворца творчества школьников и подарила Усть-Каменогорску новых Чемпионов КВН. Это высокое звание завоевала команда КВН школы № 45 «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ» под руководством Муратканова Абдикерима.

Помимо мест жюри определяли также номинантов, выбирая лучших из лучших. По итогам выступлений номинация за «Лучшую шутку КВН» была вручена команде КВН «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ», а номинацию «Лучший игрок КВН» получили сразу два КВНщика Сейполданов Мади и Ерғазы Бекжан из команды КВН «ТАҢҒАЖАЙЫП БЕСТІК» школы № 1, руководитель Бергазиев Ербол Абзалулы.

Завершился еще один этап в КВНовской жизни города, но КВНщики на этом не успокаиваются и не останавливаются. Ребята задают вопросы по новому сезону, вносят свои предложения по проведению КВН, а это значит, что впереди нас ждут новые творческие находки и яркие открытия городских КВНовских талантов.