Кочевники

Оқушылар шығармашылық сарайында 30-шы наурызда №3 және №2 қала мектептері арасынды «Кочевники» атты Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға саяхат ойыны өткізілді. Сайысқа оқушылар белсене қатысты, және тарихта сақталып қалған Тараз, Испиджап, Баласағұн және Отырар қалалары жайлы мәліметтер олардың қызығушылықтарын арттырды. «Кочевники» атты бағдарлама – Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуын, жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелейді. Оқушылар тарихты естеріне түсіріп және сайыстың аяғында олар құрмет қағазымен марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.