«Асыл қазына»  атты ұлттық ойындар сайысы

Оқушылар шығармашылық сарайында 19-ші  ақпанда № 6, 19, 9, 5, 2, 10 қала мектептері арасынды «Асыл қазына»  атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысты, және тарихта сақталып қалған, көпшілікке мәлім емес ұлттық ойындар олардың қызығушылықтарын арттырды. «Асыл қазына» атты бағдарлама — жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелейді. Оқушылар тарихты естеріне түсіріп және көптеген ұлттық ойындармен таныс болды. Сайыстың аяғында олар құрмет қағазымен марапатталып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.