«Если быть — то быть ЛУЧШИМИ!»
Көшбасшылар көш алда!
Қазіргі қоғамның маңызды құрамдас бөлігі – көшбасшылар. Бұрындары жұртты ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет болса, қазір топ арасынан суырылып шыға білетін көшбасшыларды анықтап, оларды тәрбиелеу белең алған. Ал көшбасшы болу үшін не істеу керек? Бойыңдағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін Оқушылар шығармашылық сарайындағы көшбасшылар мектебіне келу керек.
— Қайта жаңғыртылып жатқан балалар және жастар қозғалыстары көшбасшыларды анықтауға көмектеседі. Бірақ олармен әрі қарай сауатты, дана әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыс жасау керек, — дейді «Көшбасшы» белсенділер мектебінің жетекшісі педагог Мадина Смайылова.
Шынында да, жас көшбасшылармен жұмыс істеу өте маңызды шаруа. Оларды өз күш-қуаты мен білімін дұрыс бағыттауға үйрету керек.
Көшбасшылар мектебінің оқыту бағдарламасы әрқырлы. Оған балаларға педагогикалық-психологиялық түсініктер беру, шығармашылық және ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту, актерлік шеберлікке баулу, би, ән, шешендік өнер, жоба жасау, бұқаралық іс-шаралар өткізу, бәрі-бәрі кіреді.
Кейбіреулер көшбасшы дегенді өз мойнына тым артық ауыртпалық алып алатын адам деп ойлайды. Бірақ көшбасшылар арасында өзгелерді соңынан ерте білетін, қанаттандырып, күш қосатын шынайы көшбасшылар да баршылық.
— Көшбасшы тек тұлға емес, ол іс-әрекеттің бастауы, ол өз амбициялары арқылы қоғамдық мүддені жүзеге асыратын адам. Ол шыншыл, шығармашылық, батыл, білуге құмар, жауапкершілікті тұлға. Көшбасшы – өз өмірі үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін жауапкершілік тартатын адамдар, — дейді жас көшбасшылардың жетекшісі Мадина Смайылова.
Көшбасшылық қасиет туа бітуі керек деген ұғым бар. Бірақ көшбасшылар мектебінің мүшелері ондай қасиеттерді дарытып, дамытуға болады деп есептейді.
Единица мала, зато первая
Лидеры — неотъемлемая составляющая современного общества. Если раньше в молодых воспитывали коллективизм, то в данное время все меры направлены на то, чтобы раскрыть самобытность и неординарность каждого человека в отдельности. Но какие качества должны быть присущи лидеру и как им стать? На эти вопросы все желающие могут найти ответ посетив Школу Лидеров в ДТШ.
– Возрождающиеся вновь детско-молодежные движения и объединения, возникающие многообразные организации и различные акции способствуют выявлению лидеров, которые нуждаются в грамотном и мудром социально-педагогическом и психологическом руководстве, — говорит Мадина Смаилова, педагог, руководитель детского творческого объединения Школы актива » Лидер».
И действительно, работа с юными лидерами необходима, прежде всего затем, чтобы они могли использовать свою энергию и энтузиазм в правильном направлении.
Учебная программа школы лидеров достаточно многогранна. Она включает в себя знакомство детей с основными психолого-педагогическими понятиями, развитие творческих и организаторских способностей, тренировку элементарных умений и навыков актерского мастерства, хореографии, вокала, ораторского искусства, разработку проектов, организацию и проведение массовых мероприятий.
Лидеры — это прежде всего люди, которые не только могут проявить достоинство и выдержку в критической ситуации, но и воодушевить других, внушить им надежду на успех, повести за собой.
– Лидер — это начало действия, это человек, который через собственные амбиции реализуют общественный интерес. Как правило- это любознательная, деятельная, честная, целеустремленная, ответственная, смелая, творческая личность, более того, следующему поколению лидеров, придется нести ответственность не только за себя, за свою кампанию или предприятие, но и за мир в целом, включая решение глобальных проблем, таких как охрана окружающей среды и даже сохранения современной цивилизации, — считает Мадина Смаилова.
Существует утверждение, что качества лидера являются врожденными, но педагогический состав школы актива » Лидер» убежден, что лидерские качества можно сформировать и развить.