4 шілде күні Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстанның астанасы – Астана күніне арналған мерекелік күн өтті.
Осы күні «Күншуақты жаз» күндізгі лагерь алаңында шығармашылықты, ойын элементтерін және ұлттық нақыштарды біріктірген бірқатар жарқын іс-шаралар ұйымдастырылды.
Күннің басты оқиғасы – «Bingo party: Астана» атты концерттік-ойын кейс-ойыны болды.
Балалар тақырыптық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын көрсете білді.
Сонымен қатар балалар «Менің Астанам» атты өз шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.
Көрмеде елорданың көркі мен рухын бейнелейтін суреттер, қолөнер бұйымдары мен жобалар қойылды.
Мерекелік күннің ерекше атмосферасын балалардың сахнада көрсеткен шығармашылық нөмірлері толықтыра түсті.
Туған елге деген сүйіспеншілікке толы билерді, әндерді және өлеңдерді көрермендер тамашалады.
Астана күнін мерекелеу балалар үшін тек қызықты оқиға ғана емес, сонымен қатар туған елінің мәдени және тарихи құндылықтарын тереңірек түсінуге жасалған маңызды қадам болды.
4 июля во Дворце творчества школьников состоялся праздничный день, посвящённый Дню столицы Казахстана — Астаны.
В этот день на площадке дневного пребывания «Күншуақты жаз» прошло сразу несколько ярких мероприятий, объединивших творчество, игру и национальные мотивы.
Центральным событием стала концертно-игровая кейс-игра «Bingo party: Астана», где ребята выполняли тематические задания, проявляя эрудицию, сообразительность и командный дух.
Одновременно с этим ребята организовали выставку своих работ «Менің Астанам», на которой были представлены рисунки, поделки и творческие проекты, посвящённые главному городу страны.
Особую атмосферу празднику придали творческие номера, с которыми ребята выступили на сцене.
Зрители смогли насладиться танцами, песнями и стихами, наполненными любовью к родной земле.
Празднование Дня столицы стало для детей не только увлекательным событием, но и важным шагом к осознанию значимости культурных и исторических ценностей своей Родины.