ОТКРЫТЫЙ УРОК «НАУРЫЗ КӨКТЕМ»

«Наурыз көктем» ашық сабағы.
«Асем-ай» бейнелеу өнері студиясы.
Жетекші: Нуркасымова Алмагуль Кабдуллиновна.

Оқушылар шығармашылық сарайында бейнелеу өнері студиясында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақта оқушылар Наурыз мерекесінің мәнін түсініп, көктемгі өзгерістерді граттаж техникасы арқылы бейнелеуді үйренді.

Граттаж – қағаздың үстіне қара бояу жағып, қырып сурет салу әдісі. Бұл ерекше техника оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қиялын ұштауға мүмкіндік берді.

Сабақ барысында тәжірибесі бар оқушы граттаж техникасын қолдана отырып, планшет арқылы интерактивті экраннан өз жұмысын көрсетті.

Ал педагог процесті түсіндіріп, тәрбиеленушілерге бағыт-бағдар беріп, қажетті көмектерін ұсынды.

Практикалық бөлімде оқушылар сандық форматта граттаж әдісін қолданып, табиғаттың көктемгі көрінісін және ұлттық нақыштағы киіз үйді бейнеледі.

Сабақ соңында әр оқушы өз жұмысын таныстырып, бағалау критерийлері бойынша марапатталды.

Бұл сабақ балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиеледі. 🌿🎨