ОТКРЫТОЕ ЗАНЯТИЕ ХОРЕОГРАФИЧЕСКОГО КОЛЛЕКТИВА «НҰР-АЛТАЙ»

Ашық сабақ
Тақырып: «Музыкалық қозғалыс әліппесі»
Педагог: Халелов Е.Х.

Оқушылар шығармашылық сарайында «Нұр-Алтай» шығармашылық бірлестігінің әсерлі ашық сабағы өтті.

Балалар әсем қозғалыстар әлеміне саяхат жасап, аяқ пен қолдың негізгі позицияларын меңгеріп, станок жанында жаттығулар орындады.

Классикалық бидің әдемілігі мен үйлесімділігін сезініп, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.

Педагог жылы шырайлы атмосфера қалыптастырып, балалардың ынтасын арттыру мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырды.

Сабақ соңында оқушылар нәзік әрі көркем биін орындап, өз сезімдерімен бөлісті.

Сабақ ерекше шабытпен, шығармашылық жылулықпен өтті.

Балалар би өнеріне деген сүйіспеншілігін одан әрі нығайтып, хореография әлеміне қадамдарын сенімді түрде жалғастыруға ынталанды.