В АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ ПЕРВЫЙ В ИСТОРИИ ГЛОБАЛЬНЫЙ МОЛОДЕЖНЫЙ  ФОРУМ КЛУБОВ И АССОЦИАЦИЙ ЮНЕСКО

АЛМАТЫДА ТАРИХТАҒЫ ЮНЕСКО ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫ МЕН КЛУБТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҺАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
 
Алматы қаласында 2025 жылғы 19-20 ақпанда ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Бірінші Жаһандық Жастар Форумы (GYF) өтті. Бұл Форум әлемнің 60-қа жуық елінен 150-ден астам қатысушыны біріктірді.  
Форум ЮНЕСКО және Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясы (WFUCA), Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының, Қазақстан және Франция ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  
Іс-шараның салтанатты ашылуы аясында ЮНЕСКО Бас директорының «Африка» басымдығы және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Фирмин Эдуард Матоко мырза Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының клубтық қозғалысын дамытудағы 15 жыл үздіксіз жұмысы үшін ЮНЕСКО-ның «Бес құрлығы» ескерткіш медалін табыс етті. Өз сөзінде: «Бұл табыс тамаша жетістіктердің дәлелі болып табылады. 2009 жылы құрылған Қазақстандық Федерациясы ЮНЕСКО-ның құндылықтары мен бағдарламаларын халықаралық деңгейде ілгерілетуге елеулі үлес қосты», — деп атап өтті.
Екі күн бойы ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік, академиялық және бизнес саласының мамандары, соның ішінде ЮНЕСКО сарапшылары әлеуетті арттыру, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жасанды интеллектіні пайдалану этикасы, цифрлық технологияларды қолдану, тұрақты туризм, климаттың өзгеруі, инклюзия және көркем білім мәселелерін талқылады.
«Мұнда әрбір қатысушы өз жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болып, пікірлестермен байланыс орнатып және әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестерімен табысты тәжірибелерімен алмасты. Ынтымақтастық пен диалогтың арқасында түрлі мәдениеттердің, ұрпақтар мен өңірлердің адамдары маңызды әрі тиімді өзгерістерге жол ашты», — деп Дүниежүзілік және Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерацияларының Президенті Болат Ақшолақов атап өтті.
Іс-шара аясында Қазақстанға ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі Х. Аббин, жасанды интеллект саласындағы әлемдік жетекші профессор Д-р В. Холмс, Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясының Атқарушы кеңесінің мүшелері және басқа да тұлғалар арнайы жоғары мәртебелі қонақтар ретінде келді.
«Жаһандық жастар форумында мен алғаш рет Сенегалдан Жапонияға дейінгі 60 елдің қатысушыларымен кездестім. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарды ортақ құндылықтар айналасына біріктірген іс-шараға қатысу ЮНЕСКО клубтары қозғалысының болашағы зор екенін растады. Бізді тек ғана біріктірмей, естуге, жаһандық диалогқа өз үлесімізді қосуға және әлемді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік бергенін түсіну аса қуантады», — деді Мадагаскардан келген қатысушы Онитиана Летисия Ратсивахини.
Бұл іс-шара «Karachaganak Petroleum Operating B. V.» компаниясының, ЦентрКредит Банкінің, «Қазақстан» қонақ үйінің, Doscar компаниялар тобының және «Шымбұлақ» тау курортының қолдауынсыз мүмкін болмас еді.
Форум аясында – «2025-2030 жылдарға арналған ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары жастарының жол картасы: тұрақты болашақты бірге құру» қабылданды. Бұл құжат 94 елдегі 5000-нан астам ұйымды қамтитын қозғалыстың стратегиялық даму бағыттарын анықтап, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және ЮНЕСКО клубтарының көшбасшылар желісін нығайтады. Алматы жол картасы кез келген жастар немесе жастарға бағдарланған ұйымдарға да пайдалы бола алады.


 
19-20 февраля 2025 года в городе Алматы состоялся Первый Глобальный Молодежный Форум ассоциаций и клубов ЮНЕСКО (GYF), который собрал более 150 участников из порядка 60 стран мира.
Форум организован ЮНЕСКО и Всемирной Федерацией клубов и ассоциаций ЮНЕСКО (WFUCA) при поддержке Казахстанской Национальной Федерации клубов ЮНЕСКО, Национальных Комиссий по делам ЮНЕСКО Казахстана и Франции, а также Министерства иностранных дел РК, Министерства культуры и информации РК и Акимата г. Алматы.
В рамках открытия мероприятия г-н Фирмин Эдуард Матоко, Заместитель Генерального директора ЮНЕСКО по приоритету «Африка» и внешним связям, вручил памятную медаль ЮНЕСКО «Пяти континентов» Казахстанской Национальной Федерации Клубов ЮНЕСКО за 15 лет неустанной работы в развитии клубного движения. В своем выступлении он отметил: «Эта награда является свидетельством выдающихся достижений. С момента основания в 2009 году, Казахстанская Федерация внесла значительный вклад в продвижение ценностей и программ ЮНЕСКО на международном уровне».
В течении двух дней делегаты от клубов и ассоциаций ЮНЕСКО из всех регионов мира, а также представители правительственных, академических и деловых кругов, включая экспертов ЮНЕСКО, обсудили такие важные вопросы, как укрепление потенциала, расширение прав и возможностей молодежи, этика использования искусственного интеллекта, использование цифровых технологий, устойчивый туризм, изменение климата, инклюзия и художественное образование.
«Здесь каждый участник получил возможность представить свои проекты, установил связи с единомышленниками и вдохновились успешными практиками коллег со всего мира. Благодаря сотрудничеству и диалогу люди разных культур, поколений и регионов проложили путь к значимым и эффективным изменениям», — отметил Болат Акчулаков, Президент Всемирной и Казахстанской Федерации клубов и ассоциаций ЮНЕСКО.
В рамках мероприятия состоялся визит в Казахстан ряда высоких гостей, а именно Посла доброй воли ЮНЕСКО г-жи Х. Аббин, ведущего мирового Профессора в сфере ИИ Д-ра В. Холмса, членов Исполнительного Совета Всемирной Федерации клубов и ассоциаций ЮНЕСКО и других.
 
«На Глобальном Молодежном Форуме я впервые встретила участников из 60 стран — от Сенегала до Японии. Участие в данном мероприятии подтвердило, что у движения клубов ЮНЕСКО есть большое будущее, ведь оно объединяет молодежь со всего мира вокруг общих ценностей. Приятно осознавать, что нас не только собрали вместе, но и дали возможность быть услышанными, внести свой вклад в глобальный диалог по стремлениям изменить мир к лучшему», — подчеркнула Онитиана Летисия Ратсивахини, участница из Мадагаскара.
 
Данное событие не было бы возможно без поддержки компании “Karachaganak Petroleum Operating B.V.”, Банка ЦентрКредит, гостиницы «Казахстан», группы компаний Doscar и Горного курорта «Шымбулак».
 
Ключевым итогом мероприятия стало принятие «Алматинской молодежной дорожной карты ассоциаций и клубов ЮНЕСКО на 2025–2030 годы: строим устойчивое будущее вместе». Этот документ определит стратегические направления развития движения, представленного в 94 странах более 5 000 организаций, а также расширит возможности молодежи и укрепит сеть лидеров клубов ЮНЕСКО по всему миру. Алматинская дорожная карта может быть полезна также любым молодежным или ориентированным на молодежь организациям