Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы
бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
қосымша білім беру педагогы
ХАЛЕЛОВ ЕРЖАН ХАЛЕЛОВИЧ
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі — оқушының болашақ азығы. Халелов Ержан Халелұлы сияқты жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған кез келген шәкірт ұлттық би өнері арқылы өз ұлтының төл рухани мәдениетін ғана игеріп қоймай, өз елінің ғана патриоты емес, өзге елдің де қазынасын құрметтей алатын әрі өркениеттің көшіне ілесе алатын тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз. Өскелең ұрпаққа хореографияның қыр-сырын үйретуге бар күш-жігерін сарп еткен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» ККММ қосымша білім беру педагогы Халелов Ержан Халелұлын ұжымы қашанда мақтаныш тұтады.
Ержан Халелұлы – хореография саласында айтарлықтай қомақты білімі бар, үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңалық ашуға құмар, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты үлкен жауапкершілікпен жоғары деңгейде асыратын, ерен еңбегімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін, әріптестерінің арасында өзіндік орны бар педагог.
Ұстаздық жолын Өскемен қаласындағы № 3 мектеп-гимназиясында бастап, көп жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасында, облыстық филармонияда, қазақ театрында, түрлі мәдени ошақтарында еңбек етті.
Ержан Халелұлы еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, өз тәжірибесімен қалалық, облыстық, республикалық семинарлар аясында әріптестерімен бөлісіп, білім беру мекемесінің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз маман.
Тәжірибелі тәлімгер ұстаз әркез іздену үстінде жаңаша дүниені танып-біліп, ұлттық құндылықтарды бойына жинақтап, өз білген-түйгенін шәкірттеріне үнемі үйретуден жалыққан емес.
Халелов Е.Х. жетекшілік еткен «Нұр-Алтай» балалар хореографиялық ұжымы жыл өткен сайын репертуар қоржынын толықтырып, көптеген мәдени шараларға қатысып келеді. Парасатты ұстаздың артынан ерген өнерпаздар «Битва талантов», «DANCE RUSH», «SONG ANDDANCE», «BRITISH GRANDFESTIVAL», «ARMANDA TALANT» халықаралық байқаулардың, «Ритмы танца», «Радуга талантов», «Сиқырлы би әлемі», «Сәлем, Астана!» атты республикалық деңгейдегі конкурс-фестивальдардың жүлдегерлері болып табылады.
Ержан Халелұлы ұстаздық жолындағы ізденістерінің арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылардың ата-аналары Халелов Ержан Халелұлының қажырлы еңбегін, шыдамдылығын, балаларды өнерге баулуға, әдемі билеуге үйретуге деген ұмтылысын жоғары бағалап, құрметтейді.
Рубрика о лучших педагогах дополнительного образования «Біз өз еңбегімізді балаларға арнаймыз. — Свой труд мы посвящаем детям»?
ХАЛЕЛОВ ЕРЖАН ХАЛЕЛОВИЧ
педагог дополнительного образования по хореографии
КГКП «Дворец творчества школьников» отдела образования по городу Усть-Каменогорску управления образования ВКО
Великий мыслитель Абай Кунанбаев говорил, что самое лучшее в человеке – от Учителя. Ежедневно отдавая ученикам частицу себя, учителя, имеющие высокие нравственные принципы, закладывают в детях стремление жить в соответствии с традиционными духовно-нравственными ценностями.
Несомненно, любой ученик Халелова Ержана Халеловича, педагога дополнительного образования по хореографии КГКП «Дворец творчества школьников» отдела образования по городу Усть-Каменогорску Управления образования Восточно-Казахстанской области, через национальное танцевальное искусство сможет не только постичь самобытную духовную культуру своего народа, стать не только патриотом своей страны, но и человеком, способным уважать национальные ценности других народов и идти в ногу со временем.
Ержан Халелович – педагог, обладающий глубокими знаниями в области хореографии, постоянно находящийся в поиске, увлеченный открытиями, с большой ответственностью и на высоком уровне выполняющий профессиональные обязанности, отличающийся упорным трудом, организаторскими способностями, прилагает все усилия для обучения подрастающего поколения тонкостям хореографии.
Педагогическая деятельность Халелова Е.Х. началась в школе-гимназии № 3 г. Усть-Каменогорска, долгие годы он работал в Управлении культуры Восточно-Казахстанской области, областной филармонии, казахском театре, различных культурных центрах.
Ержан Халелович — востребованный специалист, добившийся больших успехов в трудовой деятельности, делящийся своим опытом с коллегами в рамках работы городских, областных, республиканских семинаров.
Благодаря педагогическому таланту и профессиональному опыту Халелов Ержан Халелович создаёт на своих занятиях атмосферу творческого поиска и диалога с учащимися, позволяющую им добиваться высокого исполнительского мастерства и артистизма.
Детский хореографический коллектив «Нур-Алтай» под его руководством с каждым годом пополняет свой репертуар и участвует во многих культурных мероприятиях. Творческий ансамбль является победителем и призером международных конкурсов «Битва Талантов», «DANCE RUSH», «SONG ANDDANCE» «BRITISH GRANDFESTIVAL», «ARMANDA TALANT», конкурсов-фестивалей республиканского уровня «Ритмы танца», «Радуга талантов», «Волшебный мир танца», «Здравствуй, Астана!».
За профессионализм, добросовестный и кропотливый труд Халелов Е.Х. был отмечен благодарственным письмом министра образования и науки Республики Казахстан, награжден грамотами Управления образования ВКО и отдела образования по г. Усть-Каменогорску.
Ержан Халелович пользуется заслуженным уважением и авторитетом среди коллег.
Родители учащихся высоко ценят и уважают кропотливый труд Халелова Ержана Халеловича, его терпение и стремление обучать детей искусству, танцевать красиво.