Құрметті ата-аналар және балалар!

Өскемен қ. әкімдігінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК ⠀

Сіздермен қайта қауышқанына қуанышты!

IV оқу тоқсандығының басталуымен құттықтаймыз және Шығармашылық сарайының толықтай қашықтан оқыту форматына көшкендігін хабарлаймыз, сондықтан да балаларды оқудан тыс бос уақыттарында қосымша сабақтарға қосылуға шақырамыз!

Қашықтан оқыту жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

Вокал бағыты — «Гармония», «Экспромт», «Ата-Мұра» студиялары

Хореографиялық бағыт — «BEST», «Ритм», «Dance Energy», «Nur Altay», «Dance Class», «STYLE» студиялары, «JINGLE» черлидинг студиясы

Сәндік-қолданбалы өнер бағыты — «Штрих» бейнелеу студиясы, «Креатив» дизайн студиясы, «Стильные штучки» СҚӨ, «Солнышки» бейнелеу студиясы.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт – КТК студиясы, Пікірталас мектебі, журналистика студиясы, «Личность» орталығы, компьютерлік технологиялар және т.б.

Әлеуметтік-психологиялық бағыт – балалар мен ата-аналарға арналған психологиялық қызмет жұмысы – тікелей эфирлер, вебинарлар, жеке кеңестер.

Сабақтар қалай өтеді?

6 сәуірден Сарайдың барлық студияларында сабақтар басталды, сабақтардың теориялық бөлімі ZOOM бейнеплатформасында өткізіледі.
Сабақтардың практикалық бөлімі қол жетімді мессенджерлер (WhatsApp) және әлеуметтік желілер («ВКонтакте», Instagram) арқылы жүргізіледі.

Оқушылар шығармашылық сарайының педагогтары мен үйірме мүшелерінің бірлескен жұмыстарының ең көрнекті нәтижелерін біздің Instagram-профилде, сондай-ақ «ВКонтакте», Facebook және Телеграм-каналда жариялайтын боламыз!

Студияға жазылу үшін біздің педагогтармен хабарласу керек, олар сіздерді қашықтан оқыту бағдарламасына қосады!

Педагогтардың байланыс нөмірлерін ukdvorec.kz сайтынан және 8 777 852 63 37 WhatsApp нөмірінен сұрату арқылы табуға болады.