«Білгенге маржан»

Оқушылар шығармашылық сарайында 6-ші қарашада қала мектептері арасынды «Білгенге маржан» атты ұлттық ойындар сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысты, және тарихта сақталып қалған, көпшілікке мәлім емес тақия тастамақ, теңге алу, асық, бәйге, арқан тартыс секілді ұлттық ойындар олардың қызығушылықтарын арттырды. «Білгенге маржан» атты бағдарлама — жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелейді. Оқушылар тарихты естеріне түсіріп, қазақ халқының төрт түлік мал жайлы мәлімет алды және көптеген ұлттық ойындармен таныс болды.